Бүгін, 2023 жылдың 12 сәуірі – Ғарышкерлер күніне орай, Талдықорған сервис және технология колледжі С 12П топ студенттері, колледж кітапханашысы Исабекова Р.Б ұйымдастыруымен, қаламыздағы Жетісу облысының М.Тынышпайұлы атындағы тарихи өлкетану музейіне саяхат жасап қайтты. 1961 жылы 12 сәуірде Қазақстанның Байқоңыр аймағынан тұңғыш космос кораблі ғарышқа аттанғанын, сөйтіп, Юрий Гагарин – әлемнің тұңғыш ғарышкері, ал Байқоңыр – ғарыш аймағына айналуын. Алғашқы ғарыш сапарынан кейінгі жылдары 500-ден аса ғарышкер аспан әлеміне сапар шегіп, ғылыми зерттеулер жүргізгенін тамашалады.
Солардың ішінде Қазақстанның үш өкілі, өз елінің ұлттық батырлары, ұшқыш-ғарышкерлер: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетовтер де бар екенін және олардың есімдері Қазақстан тарихы бетіне алтын әріптермен жазылғанын білді. Бұл саяхаттың мақсаты: жастарды өз Отанын сүюге баулу, патриоттық тәрбие беру, білімге, ғылымға деген құштарлығын арттыру.