ӨЗДЕРІНЕ СЕНЕТІНДЕР ҮШІН ЖӘНЕ СӘТТІЛІККЕ ҰМТЫЛАТЫНДАР ҮШІН!
Жетісу облысы., 040000, Талдықорған қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 173
8 (7282) 30-87-46
8 (7282) 30-87-30
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
ӨЗДЕРІНЕ СЕНЕТІНДЕР ҮШІН ЖӘНЕ СӘТТІЛІККЕ ҰМТЫЛАТЫНДАР ҮШІН!
СЕРВИС ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ КОЛЛЕДЖІ
ШЖҚ "Талдықорған сервис және технология колледжі" МКК
AA+

Қазақ халқы Наурыз тойын өткен ғасырларда өте үлкен мейрам ретінде дабыралы өткізген. Осы кезде оның дәстүрлі әдебиеті мен мәдениеті, әдет-ғұрпы, салт-санасы, өткен тарихы, бүгінгі мен болашағы көгенкөз жас буын ұрпаққа үгіттеліп отырған. Осы мақсат пен Талдықорған сервис және технология колледжінің С12П тобының студенттерімен, кітапханашы Исабекова Р.Б., арнайы пән оқытушысы Исатаева Б.Ж. ұйымдастыруымен,  2023 жылдың, 15 наурыз күні қаламыздағы М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейіне саяхат жасадық. Олар «Келінге кимешек кигізу», «Тұсау кесу» рәсімдерін тамашалап, белгілі мәдениет қайраткерлерінің батасын алып, домбырада ән шырқалғанын тамашалап, наурызға арналып жайылған дастарханнан дәм татып қайтты. Қазақтың «Баталы ұл арымас, батасыз құл жарымас» деген мақалы осы шындықты растайды.

Өйткені қазақта наурыз күнгі тілек қабыл болады деген наным бар. Жақсы адамнан бата алсаң, жолың жақсылыққа оңғарылады деп ырым етеді. Сүйтіп, жақсы сөздің уыз батаның, ақ тілектің күшіне көміл сенеді. Бата алған жастардың жүрегі қуанып, жылдар бойы көңілді жүреді.