БІЛІМ ЖИНА, КӘСІП ЕТ!
Жетісу облысы., 040000, Талдықорған қ, Н.Назарбаев даңғылы, 173/2А
8 (7282) 30-87-46
8 (7282) 30-87-30
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
БІЛІМ ЖИНА, КӘСІП ЕТ!
СЕРВИС ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ КОЛЛЕДЖІ
ШЖҚ "Талдықорған сервис және технология колледжі" МКК
AA+
О нас в цифрах \Статистика
О нас в цифрах
10500
студентов прошли
обучение в колледже
75%*
выпускников трудоустроены
как *** / ***
150 тыс. тг
Зарплата выпускников +150 тыс после
обучения, +200 тыс. через год

2-3 сәуір 2025 жыл – Алматы қаласында "Жұмысшы мамандықтар жылы" аясында ұйымдастырылған "TAIQAZAN-2025" І-халықаралық фестивалі техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамытуда маңызды оқиғаларға толы болды. Фестиваль барысында ШЖҚ "Талдықорған сервис және технология колледжі" МКК еліміздің жетекші колледждерімен және шетелдік серіктестермен ынтымақтастық орнатып, бірқатар маңызды меморандумдарға қол қойды.

* Ынтымақтастық жөніндегі меморандумдар

Фестиваль аясында төмендегі колледждермен өзара ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды:

  • ШЖҚ "Павлодар сервис және тамақтану колледжі" КМК

  • "Қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжі" МКҚК

  • "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК, Шымкент қаласы

Меморандумдардың басты мақсаты – жұмысшы мамандықтар бойынша білікті кадрлар даярлау, дуальды оқытуды жетілдіру, заманауи оқу бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу, тәжірибе алмасу және WorldSkills чемпионаттарына дайындықты күшейту.

Колледж басшысы Исламова Мөлдір Анварханқызы меморандумдардың маңыздылығын атап өтіп: "Бұл келісімдер – кәсіби білім беру сапасын арттыруға бағытталған нақты қадам. Жастарға заманауи, сұранысқа ие білім мен дағдыларды ұсынып, олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру – басты мақсатымыз," – деді.

* Халықаралық бастама: Түркиямен стратегиялық байланыс

Фестиваль аясында Түркияның Анталия қаласындағы "Мехмет Зеки Балджи атындағы қонақжайлылық индустриясы колледжімен" стратегиялық ынтымақтастық орнату бойынша келіссөздер жүргізілді. Тараптар болашақта халықаралық меморандумға қол қоюды жоспарлап отыр. Бұл бастама қызмет көрсету саласында халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуға және студенттердің кәсіби әлеуетін дамытуға бағытталған.

Колледж директорының өндірістік оқыту жөніндегі орынбасары Кабдулдинова Меруерт Берікқызы: "Бұл келіссөздер – кәсіби дағдыларды халықаралық деңгейде дамытуға жаңа серпін береді," – деп атап өтті.

* Қорытынды

"TAIQAZAN-2025" фестивалі техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы үздік тәжірибелермен бөлісуге, серіктестік байланыстар орнатуға және болашақ мамандарды сапалы даярлауға мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды. Қол қойылған меморандумдар – кәсіби білім берудегі жаңа кезеңнің бастауы.