2023 жылдың 13.11.2023 - 24.11.2023 аралығында «Таlap» КЕАҚ ұйымдастыруымен Талдықорған қаласында «Талдықорған сервис және технология колледжі» колледж базасында «Техникаық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру педагогтарының кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында колледж оқытушыларына арналған біліктілікті арттыру курсы өткізілуде.
Курс мақсаты: Оқу іс-әрекетінің мазмұны мен нәтижесін анықтайтын негізгі құжаттарды талдау, жаңартылған оқыту нәтижелерін ескере отырып, оқу бағдарламасын әзірлеу, қазіргі педагогикалық оқыту технологияларының түрлері мен әдістері т.б.
Біліктілікті арттыру курсы жүргізуші «Таlap»КЕАҚ тренері Рашева Жанар Джаксылыкбаевна. Курстың алғашқы күні жоғары көңіл күймен, шығармашылық ізденіске ұмтылыспен басталды. Жанар Джаксылыкбаевна сенімділікке құрылған ортаны бірден құра білді.
Курс 1 Модуль бойынша жұмыс оқу жоспарын құрудан өз жұмысын бастап кетті. Тренер басшылығымен оқу іс-әрекетінің мазмұны мен нәтижесін анықтайтын негізгі құжаттар талданды. Еңбекке оқыту бағдарламаларын құрастыруға қойылатын талаптар түсіндіріліп, оқу жұмыс бағдарламасының құрылымы бойынша әр тыңдаушы өз саласы бойынша ОЖБ үлгісін жасады.
Курс тыңдаушылары: Абдамбаев Кайрат Хасенович, Самалбаева Баян Абеновна
Талдықорған қаласы.
ШЖҚ «Талдықорған сервис және технология колледжі» МКК
Пікірлер
Рашева Жанар Джаксылыкбайқызы
09 Ақп 2024Сәлеметсіздерме! Колледж базасын ұсынып, курстың жоғары деңгейде өтуіне жағдай жасағандарыңыз үшін көптен көп рахмет! Ұжымдарыңызға үлкен белестер, шығармашылық табыстар тілеймін! Рахмет. Құрметпен, "Талап" АҚ тренері
TKSIT.EDU.KZ
09 Ақп 2024Сәлеметсізбе! Ыстық ықыласыңызға, жылы лебізіңізге көп рахмет! Курстарды алдағы уақытта да, біздің колледждің базасында өткізесіздер деген ниеттеміз! Есігіміз әрқашан ашық!