2025 жылы 19 наурызда Талдықоған сервис және технология колледжі қалалық "Спортты дамыту және бұқаралық спорттықіс-шараларды өткізу орталығымен" бірлесе "Ұлттық спорт күніне" орай іс-шара ұйымдастырды.
Бұл шараның мақсаты – қазақ халқының дәстүрлі спорт түрлерін жаңғырту, жастарды салауатты өмір салтына баулу және ұлттық мәдениетімізді кеңінен таныту болды. Іс-шараға колледж студенттері мен оқытушылары қатысты. Жиында ұлттық спорт түрлері, оның ішінде тақырыбында асық ату, бес асық, арқан тарту туралы түсінік беріліп, әртүрлі сайыстар мен жарыстар ұйымдастырылды. Студенттер белсенді түрде қатысып, командалық рухты және шыдамдылықты сынады. Ұлттық спорт – біздің ата-бабамыздан қалған асыл мұрамыз. Бүгінгі шара арқылы біз студенттерімізге ұлттық құндылықтарды насихаттап, болашақ ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеуге үлес қосып отырмыз.
#1collegetksit #oquagartu #minpros #1college #исламовамолдир #ұлттықспорт #ұлттықспорткүні #жетісуоблысы #jetisubilim