2025 жылдың 7 наурызында, 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай колледж студенттері арасында қыздар арасында волейбол жарысы өтті.
Жарыс “Спортты дамыту және бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы дирекциясы” КММ-нің Талдықорған қаласының филиалының ұйымдастыруымен өтті.
Жарыстың мақсаты – студенттердің дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттыру, спорттың бұқаралық түрлерін дамыту және 8 Наурыз мерекесі қарсаңында әйелдерге құрмет көрсету.
* Жарыс қорытындысы бойынша:
- Үздік шабуылшы: Долбаева Ақерке
- Үздік үйлестіруші: Рахмет Ақниет
- Үздік ойыншы: Ануаи Қымбат
- Үздік қорғаушы: Сержанқызы Бибігүл
- Көрермен көзайымы: Измаилова Анеля
* Қорытынды орындар:
- I орын: ШЖҚ "Талдықорған сервис және технология колледжі" МКК
- II орын: Жоғары медициналық колледжі
- III орын: Авицена колледжі
Жеңімпаздар кубок, медальдар және грамоталармен марапатталды.