БІЛІМ ЖИНА, КӘСІП ЕТ!
Жетісу облысы., 040000, Талдықорған қ, Н.Назарбаев даңғылы, 173/2А
8 (7282) 30-87-46
8 (7282) 30-87-30
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
БІЛІМ ЖИНА, КӘСІП ЕТ!
СЕРВИС ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ КОЛЛЕДЖІ
ШЖҚ "Талдықорған сервис және технология колледжі" МКК
AA+
О нас в цифрах \Статистика
О нас в цифрах
10500
студентов прошли
обучение в колледже
75%*
выпускников трудоустроены
как *** / ***
150 тыс. тг
Зарплата выпускников +150 тыс после
обучения, +200 тыс. через год

2025 жылдың 4 сәуір күні Талдықорған қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында волейболдан бақылау-рейтингтік спартакиада өтті. Бұл ауқымды спорттық шараны Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырды.
* Спартакиаданың мақсаты:
Спартакиаданың негізгі мақсаты – білім беру саласындағы педагогтер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылықты арттыру, кәсіби қауымдастық арасында ынтымақтастық пен достық қарым-қатынасты нығайту.

* Аталған жарысқа қаланың түрлі колледждерінен құралған мұғалімдер командалары қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жоғары деңгейдегі дайындық, кәсіби шеберлік пен ұйымшыл командалық рухтың нәтижесінде "Талдықорған сервис және технология колледжі" ұжымы жүлделі І орынды жеңіп алды.
* Колледж командасының бұл жетістігі – тек спорттық дайындықтың емес, сондай-ақ педагогикалық ұжым арасындағы бірліктің, өзара қолдаудың және ортақ мақсат жолындағы табанды еңбектің нәтижесі.
* "Талдықорған сервис және технология колледжінің" ұжымы атынан аталған спорттық іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөліміне зор алғыс білдіреміз. Осындай шаралар білім беру ұйымдары қызметкерлерінің кәсіби және рухани дамуына, ұжымдық ынтымақтың артуына мол мүмкіндік береді.

#Спартакиада2025 #Волейбол2025 #БілімПедагогикаСпорт #СалауаттыӨмірСалты

@moldir_anvarkhanovna @zhetysu_bilim @talap.edu.kz @godrp.tipo @marlen_kolbaev @dauren_zhunisov

#жұмысшымамандықтаржылы