ҰЛТТЫҚ КОЛЛЕДЖ ЛИГАСЫНЫҢ ВОЛЕЙБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ! 2025 жылдың 14 наурыз күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен, Ұлттық колледж лигасы аясында волейболдан облыстық жарыс өтті. Жарыс алаңында өңірдің ең мықты командалары бас қосып, жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетіп, көрермендерге тартысты әрі әсерлі ойын үлгісін ұсынды. Осы дүбірлі додада ШЖҚ "Талдықорған сервис және технология колледжі" МКК-ның қыздар командасы тамаша нәтиже көрсетіп, жүлделі ІІ орынды иеленді! Бұл – жанкешті дайындық пен бірлік рухының айқын көрінісі. Команданы және жаттықтырушыны шын жүректен құттықтаймыз!
Аталған жарыс – тек жеңіс үшін ғана емес, сонымен қатар командалық рухты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау мен достық қарым-қатынас орнату үшін де маңызды болды. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс-шара үшін ұйымдастырушыларға зор алғысымызды білдіреміз!