ӨЗДЕРІНЕ СЕНЕТІНДЕР ҮШІН ЖӘНЕ СӘТТІЛІККЕ ҰМТЫЛАТЫНДАР ҮШІН!
Жетісу облысы., 040000, Талдықорған қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 173
8 (7282) 30-87-46
8 (7282) 30-87-30
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
ӨЗДЕРІНЕ СЕНЕТІНДЕР ҮШІН ЖӘНЕ СӘТТІЛІККЕ ҰМТЫЛАТЫНДАР ҮШІН!
СЕРВИС ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ КОЛЛЕДЖІ
ШЖҚ "Талдықорған сервис және технология колледжі" МКК
AA+

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін, еліміздің талантты жастарының басын қосатын, дүбірлі додаға айналған «WorldSkills Kazakhstan 2023» республикалық кәсіби шеберлік байқауы бүгін аяқталды. @talap.edu.kz ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз!

Талдықорған сервис және технология колледжінен қатысушы студенттері жақсы дәрежеде өздерін көрсетіп, келесі орындармен марапатталды.

* "Тамақтандыруды ұйымдастыру құзыреттілігі" бойынша Хасенханов Расул, жетекшісі - Исатаева Бакыт Жаксылыковна - "Үздік медальонымен";

* "Шаштараз ісі құзыреттілігі" бойынша Антоненко Надежда, жетекшісі - Ахмедова Алена Александровна - "Үздік медальонымен";

* "Сән технологиясы құзыреттілігі" бойынша Литовкина Анастасия, жетекшісі - Камысбаева Динара Ахановна - "Үздік медальонымен";

Сонымен қатар, колледжіміздің өндірістік оқыту шебері - Хаустова Елена Владимировна ұлттық чемпионатқа бас сарапшының орынбасары ретінде қатысты! Хаустова Елена Владимировна 2024 жылғы ұлттық чемпионаттың бас сарапшының орынбасары болып тағы бір мәрте сайланды!
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз!