БІЛІМ ЖИНА, КӘСІП ЕТ!
Жетісу облысы., 040000, Талдықорған қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 173
8 (7282) 30-87-46
8 (7282) 30-87-30
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
БІЛІМ ЖИНА, КӘСІП ЕТ!
СЕРВИС ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ КОЛЛЕДЖІ
ШЖҚ "Талдықорған сервис және технология колледжі" МКК
AA+

2023 жылдың 3 наурызында Талдықорған сервис және технология колледжінің құзыреттілік орталығы базасында Жетісу облысы колледждерінің білім алушылары арасында WorldSkills стандартын ескере отырып, облыстық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Облыстық кәсіби шеберлік байқауының мақсаты - WorldSkills Taldykorgan өңірлік чемпионатына одан әрі қатысу үшін «Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша үздік білім алушыларды анықтау болып табылады.

Мұндай байқаулар білім алушылардың кәсіби даярлық деңгейін анықтауға мүмкіндік береді, таңдаған мамандығына қызығушылықты оятады. Жарыстың маңызды элементі конкурстық тапсырмаларды өндірістік жағдайларға жақындату болып табылады, бұл білім алушылардың білім деңгейін, іскерліктері мен дағдыларын объективті бағалауға мүмкіндік береді, білім алушылардың мамандықты тереңірек зерттеуге деген ұмтылысын ынталандырады.

Байқауға облысымыздың жеті колледжі:

1. Талдықорған сервис және технология колледжі

2. Текелі кәсіптік колледжі

3. Бастөбе сервистік-техникалық колледжі

4. Қапал кәсіптік-техникалық колледжі

5. Көксу политехникалық колледжі

6. Алакөл гуманитарлық-техникалық колледжі

7. Жаркент көпсалалы колледжінің білім алушылары қатысты. Айта кету керек, байқау бір деммен өтті. Іс-шараның алғашқы минуттарынан бастап барлық білім алушылар жұмысқа белсене кірісті, тапсырманы қуана орындады. Әрбір қатысушы үздік болып, өзінің кәсіби шеберлігінің жоғарғы пилотажын көрсеткісі келді. Байқауды Талдықорған қаласындағы тәуелсіз сарапшылар, мейрамханалардың аспаздары бағалады:

* Бас сарапшы: Жузбакиев Фарид Галимжанович, «Ай-сер» мейрамханасының бас аспазы, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан бас аспаздар ассоциациясының мүшесі, Мәскеу, Стамбул, Дубай қалаларында өткен халықаралық аспаздар сайысының жеңімпазы және «Елтану» Қазақстанның дәстүрлі ұлттық асханасын жаңғырту бағдарламасының құрастырушысы.

* Бас сарапшының орынбасары: Коледа Екатерина Витальевна, «Status» мейрамханасының суши аспазы.

* Тәуелсіз сарапшылар: Смирнов Александр Сергеевич, «Nomad» мейрамханасының бас аспазы.

* Сербу Илья Сергеевич, «Status» мейрамханасының бас аспазы

* Аубакиров Алишер Асқарұлы, «Nomad» мейрамханасының аспазы.

Сарапшылар тағамның өзін ғана емес: дәмі мен дизайнын, сонымен қатар өніммен жұмыс істеу дағдыларын, ұйымдастырушылық дағдыларды да баса назарға алды. WorldSkills стандартын ескере отырып, облыстық кәсіби шеберлік байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаз атанғандар:

* Гран-при Талдықорған сервис және технология колледжінің білім алушысы Дәуіт Омар;

* I орын Текелі кәсіптік колледжінің білім алушысы Жұмахан Фатима;

* II орын Талдықорған сервис және технология колледжінің білім алушысы Хасенханов Расул;

* III орын Алакөл гуманитарлық техникалық колледжінің білім алушысы Глушкова Надежда.

Барлық қатысушыларға облыстық байқауға қатысқаны үшін сертификаттар берілді. Байқаудың барлық қатысушыларына алғысымызды білдіреміз, жеңімпаздарды құттықтаймыз және кәсіби құзыреттіліктерді игеру үдерісінде одан әрі табыстар тілейміз!