ӨЗДЕРІНЕ СЕНЕТІНДЕР ҮШІН ЖӘНЕ СӘТТІЛІККЕ ҰМТЫЛАТЫНДАР ҮШІН!
Жетісу облысы., 040000, Талдықорған қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 173
8 (7282) 30-87-46
8 (7282) 30-87-30
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
ӨЗДЕРІНЕ СЕНЕТІНДЕР ҮШІН ЖӘНЕ СӘТТІЛІККЕ ҰМТЫЛАТЫНДАР ҮШІН!
СЕРВИС ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ КОЛЛЕДЖІ
ШЖҚ "Талдықорған сервис және технология колледжі" МКК
AA+

Жалпы білім беру пәндері циклдік комиссиясының пәндік циклдік апталығы басталды. Ол дәстүрлі түрде колледж фойесіндегі жиыннан бастау алды. Аталған іс-шараны С22П және С11К топтарының қатысуымен математика пәнінің мұғалімі А. М. Жаканова мен физика пәнінің мұғалімі А. Б. Әлімбаева дайындады және өткізді.

Іс-шара тек белгілі бір оқыту мен тәрбиелік  мақсаттарға  ғана бағытталып қоймай, сонымен қатар жалпы идеологиялық міндеттермен біріктірілген іс-шаралардың көп мақсатты бірлігіне бағытталды. Пән апталығының мақсаты: танымдық қызығушылықты тәрбиелеу, оқу пәндерін қабылдауды қайта бағдарлау, оқу білімдерін, дағдыларын, іс жүзінде қолдану, бейбітшілік пен адамға тұтас көзқарасты қалыптастыру және оқытушылар мен оқушылардың бейресми қарым-қатынасын қалыптастыру. Г.К. Далабаева С21ИД тобында «Цилиндр»  тақырыбына ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқытушы математикалық тілді (сөздік, символдық, графикалық) қалыптастыру және жетілдіру; тұлғаның қазіргі әлемде өмір сүруге қажетті сапасымен (айқындық, ой дәлдігі, түйсігі); математикаға жалпыадамзаттық  мәдениеттің бір бөлігі ретінде қараумен жұмыс істеді. Сабақ мақсатына жету үшін оқытушы келесі әдістерді қолданды: жалпылама-репродуктивті, индуктивті-репродуктивті және рефлексия ретінде «Синквейн» әдісі. Сабақта қойылған барлық міндеттер орындалды. Тарих пәнінен «XX ғасыр. 20-30 жж. Қазақстандағы мәдени құрылыс. "Ғылым мен әдебиеттің дамуы"  тақырыбындағы ашық сабақты  С22П тобының қатысуымен 1-санатты оқытушы А. Ж. Андабекова жүргізді. Өз сабағында мұғалім ішінара іздестіру, түсіндіру-дәлелдеу, нұсқаулық- практикалық оқыту әдістерін шебер көрсетті. Әр түрлі әдістер арқылы педагог студенттердің іздену қызметін ынталандырды. Топ студенттері проблемалық жағдайларға, оқытушымен диалогқа кіруге дайын болды. Тапсырмалардың әр түрлі болуы оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, барлығының сабаққа араласуын қамтамасыз етті.