Конкурс нәтижесі. «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің 15.08.2023 № 259 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.08.2023 № 343 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығына сәйкес «Колледж директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары» лауазымына және «Жатақхана тәрбиешісі» лауазымына 2024 жылдың 21-29 ақпан аралығында конкурс жарияланды.
2024 жылы 29 ақпан күні конкурстық комиссияның отырысы өтті. Конкурста «Колледж директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары» лауазымына өз үміткерлігін ұсынғандар болмады, ал «Жатақхана тәрбиешісі» лауазымына 4 үміткердің өтініштері қаралды. Конкурстық комиссия мүшелері әрбір үміткердің құжаттарының біліктілік талаптарға сәйкестігін қарау нәтижелері бойынша, сондай-ақ 16- қосымшаға сәйкес бағалау парағында көрсетілген баллдары есептелінді:
1. Бұланқан А.Б. – 14,5 балл;
2. Белтаева Г.Ж. – 2 балл;
3. Аязбаева Ұ.Б. - 20 балл;
4. Байденов Ж.М. – өз еркімен конкурстан бас тартты.
Конкурстық комиссияның 29.02.2024 жылғы №1 хаттамасының шешімі негізінде «Жатақхана тәрбиешісі» лауазымына Аязбаева Ұ.Б. (үш ай сынақ мерзімімен) қабылданды.