БІЛІМ ЖИНА, КӘСІП ЕТ!
Жетісу облысы., 040000, Талдықорған қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 173
8 (7282) 30-87-46
8 (7282) 30-87-30
ОҚУҒА ТҮСУ
БІЛІМ ЖИНА, КӘСІП ЕТ!
СЕРВИС ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ КОЛЛЕДЖІ
ШЖҚ "Талдықорған сервис және технология колледжі" МКК
AA+

01.12.2023 ЖББ пәндер апталығы аясында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған Талдықорған сервис және технология колледжінде қала колледждері арасында "Қазақстан тарихы" бойынша викторина ойыны өткізілді.

Іс-шараны тарих пәнінің оқытушысы А.Ж. Андабекова ұйымдастырып, 6 Қалалық колледждің І курс студенттерінің қатысуымен өткізді.

Мақсаты: отансүйгіштік сезімін, Отанға деген сүйіспеншілікті, Қазақстан халықтарының тарихи өткені, бүгіні мен жарқын болашағы үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу;

Қазақстан тарихы бойынша білімді бекіту;

Оқушылардың өз мемлекеті туралы білімдерін кеңейту және жүйелеу;

Оқушыларды Мемлекет тарихы туралы мәселелерге дұрыс бағыттау.

Іс шараны өткізуге дайындық үшін әр топ тапсырма алды:

викторина ойынының 4 турына дайындалады.

Іс-шара ұйымдастырылып, қызықты өтті. Әр топ тапсырмаларды ынтамен орындады.

Іс-шара қорытындысы бойынша қойылған мақсаттарға қол жеткізілді. Дамытушылық мақсаттарға жету үшін жағдайлар жасалды, атап айтқанда, ойын барысында оқушылар белсенді, уақыт талабына сай болды және жүлдені жеңіп алуға ұмтылды.

Аталған іс-шараның қорытындысы бойынша І орынды "Жетісу құрылыс-техникалық колледжі" "Тәуелсіздік" тобы , ІІ орынды "Талдықорған аграрлық-технологиялық колледжі" "Алаш" тобы, ІІІ орынды "Талдықорған жоғары медициналық колледжі" "Aesculapius"тобы иеленді. Қалған 2 топ белсенді қатысқаны үшін марапатталды.