Талдықорған сервис және технологиял колледжінде «Құзыреттілік орталығы» базасында облыстық оқу-әдістемелік бөлімінің қатысуымен "Тамақтандыруды ұйымдастыру 10130300 мамандығы бойынша оқытудың кредиттік-модульдік технологиясын енгізу» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Семинардың мақсаты: кредиттік-модульдік жүйені енгізу бойынша тәжірибе алмасу. Семинар қатысушыларына жоспарлаудың қазақстандық және финдік моделін қолдана отырып оқудың жұмыс бағдарламаларын әзірлеу және білім алушыларды критериалды бағалау бойынша ақпарат ұсынылды. Семинар соңында француз асханасының тағамдарын дайындау бойынша шеберлік сағаты ұйымдастырылды және сертификаттар табысталды.