2024 жылы 22-26 қаңтар аралығында Талдықорған сервис және технология колледжінде "Тамақтандыруды ұйымдастыру" құзыреттілік орталығының базасында 10130300 "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығы бойынша кредиттік-модульдік оқыту технологиясының құжаттамасын әзірлеу тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Тағылымдаманың теориялық бөлігі 20-25 қаңтар аралығында онлайн (ZOOM платформасы) өткізілді, практикалық бөлім 26 қаңтар күні – офлайн форматында өткізілді.
Семинардың мақсаты мен міндеттері: 10130300 "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығы бойынша кредиттік-модульдік білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша білім мен дағдыларды қалыптастыру.
Семинар соңында, семинарға қатысушылар өздерінің негізгі идеялары мен ұсыныстарымен бөлісті.