ӨЗДЕРІНЕ СЕНЕТІНДЕР ҮШІН ЖӘНЕ СӘТТІЛІККЕ ҰМТЫЛАТЫНДАР ҮШІН!
Жетісу облысы., 040000, Талдықорған қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 173
8 (7282) 30-87-46
8 (7282) 30-87-30
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
ӨЗДЕРІНЕ СЕНЕТІНДЕР ҮШІН ЖӘНЕ СӘТТІЛІККЕ ҰМТЫЛАТЫНДАР ҮШІН!
СЕРВИС ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ КОЛЛЕДЖІ
ШЖҚ "Талдықорған сервис және технология колледжі" МКК
AA+

2023 жылғы 27 қараша мен 01 желтоқсан аралығында Талдықорған сервис және технология колледжінде жалпы білім беретін пәндер апталығы басталды, оның мақсаты жас ұрпақты шығармашылыққа баулу және жалпы білім беретін пәндерді оқытуда қолданылатын озық технологияларды игере отырып, заманауи талаптарға жауап беретін жаңа білімді қалыптастыру болып табылады. Жоспарланған іс-шаралар арқылы білім алушылардың жалпы білім беретін пәндерге деген қызығушылығын ояту және құрметін арттыру.

Міндеттері:

- Білім алушыларды жалпы білім беру пәндерін тереңдетіп оқуға ынталандыру;

- Білім алушылардың шығармашылық-зерттеу қызметін дамыту;

- Білім алушыларда дамытушы коммуникативтік және кәсіби құзыреттілік қасиеттерін дамыту;

- Студенттердің өздік, ұжымдық және практикалық іс-әрекеттерін ұйымдастыру.

Жалпы білім беретін пәндердің циклдік комиссиясының ашық сабақтар апталығын өткізу - бұл оқытушылар үшін әріптестерімен өз тәжірибелерімен бөлісу, жалпы білім беретін пәндер бойынша жинақталған материалдарды жүйелеу, ынтымақтастықтың жаңа жолдарын іздеу мүмкіндігі болып табылады.