Хабарландыру | КОНКУРС
"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Талдықорған сервис және технология колледжі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны төменде көрсетілген бос лауазымдарға конкурс жариялайды
1. Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары -1 бірлік
2. Тәрбиеші – 1 бірлік
Конкурсқа қатысатын үміткерлер түйіндемесін
Толық ақпарат алу үшін 8 (7282) 30-87-46 тел. нөміріне қоңырау шалыңыз.
Колледж мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, құрылыс 173/2, блок А
Конкурс «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурсқа қатысуға өтінімдер хабарлама жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қабылданады.
Білім беру ұйымының кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары мен лауазымдық міндеттері:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» № 338 бұйрығына сәйкес.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).(анықтама 076)
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса).