БІЛІМ ЖИНА, КӘСІП ЕТ!
Жетісу облысы., 040000, Талдықорған қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 173
8 (7282) 30-87-46
8 (7282) 30-87-30
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
БІЛІМ ЖИНА, КӘСІП ЕТ!
СЕРВИС ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ КОЛЛЕДЖІ
ШЖҚ "Талдықорған сервис және технология колледжі" МКК
AA+

Кестеге сәйкес 2021 жылғы 3-10 желтоқсан аралығында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша әдістемелік апта өткізілді. Апталықты өткізу келесі мақсаттар мен міндеттерді көздейді: кәсіби шеберліктің сапасын арттыру, аспаз, кондитер кәсібінің маңыздылығын арттыру, дарынды оқушыларды анықтау.

Мамандық бойынша апталық кәсіби білімді, дағдыларды жетілдіру міндеттерін шешеді, болашақ маманға қажетті құзыреттерді қалыптастырады, оқу процесіне еңбектің ұтымды тәсілдері мен әдістерін енгізуге ықпал етеді, өнімдерді дайындау мен кесудің және өңдеудің инновациялық технологияларымен таныстырады.

03.12.2021 ж. «Педагогтің үздіксіз кәсіптік дамуы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесін дамыту факторы ретінде» республикалық семинар-практикумы аясында біздің базамызда «Қазақстанның ұлттық тағамдарын жаңғырту» тақырыбында шеберлік сағаты өтті.

Шеберлік сағатына қатысқандар:

  1. Жузбакиев Фарид Галимжанович - «Ай-сер» мейрамханасының бас аспазы,
  2. Жапаркул Али   Мауленулы – «Latte» кофехананың аға аспазы, колледж түлегі,
  3. Истина Ирина Алексеевна - өндірістік оқыту шебері

Шеберлік сағатының мәзірі:

  • Шығыс тәттілерімен пісірілген алмұрт, «Балқаймақ» соусы.
  • Жаңғақ пен шоколад қосылған жент.
  • Жидектер қосылған шұбаттан мусс.

06.12.2021 ж. Кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың тиімді формаларының бірі шеберлік сағаты сияқты заманауи форма болып табылады. Сандуғаш Айтбековна Калиева «Корей салаттарын дайындау» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Қонақтар шебердің жұмысын қызығушылықпен бақылап, дәм татуға қуана қатысты. Шеберлік  сағатын өткізудің міндеттері -  тәжірибе алмасу, кәсіпті дәріптеу болды.

07.12.2021 ж. Александр Владимирович Зуев «Техника мазков на торте. Сборка торта «Winter» тақырыбында  өндірістік оқыту сабағын өткізді. Сабақ заманауи әдістер мен IT-технологияларды қолдана отырып, ұйымдастырылған, әдістемелік жағынан сауатты өтті. Оқушылар сабақта жеке де, командамен де белсенді жұмыс істеді. Сабақтың барлық сәттеріне белсенді қатысты. Өндірістік оқыту шебері практикалық тапсырманы орындау бойынша нақты нұсқаулар берді. Шебер торттың щеткалар, дақтар мен спрейлер стилінде безендіру техникасын көрсетті. Білім алушылар торттарды құрастыру және безендірудің технологиялық процесіне сәйкес жұмыс орындарын нақты ұйымдастырды, әркім өз дизайнын таңдады, оны өз өніміне енгізді. Сабақтың қорытынды кезеңінде білім алушылар өз бұйымдарын көрсетті және құрастыру, безендіру және дизайн технологиясын қорғады.

08.12.2021 ж. Баян Бертаевна Аринова «Көкөністерді механикалық аспаздық өңдеу» тақырыбы бойынша өндірістік оқытудың ашық сабағын өткізді. Сабақ жоғары кәсіби деңгейде өтті. Сабақтың мақсаты оқушыларды көкөністерді механикалық аспаздық өңдеумен таныстыру болды. Білім алушылар өз міндеттерін тиісінше орындады.

09.12.2021 ж. Бақыт Жақсылыққызы Исатаева «Майдалап туралған еттен тағам дайындау» тақырыбында өндірістік оқытудың ашық сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты – тағамдарды  дайындаудың технологиялық процесін, майдалап туралған ет тағамдарын дайындау, безендіру және ұсыну нұсқаларын зерттеу болды. Сабақ қызықты және әсерлі өтті. Оқушылар тақырып бойынша барлық тағамдарды пысықтады.

09.12.2021 ж. Диана Асетовна Астаубаева «Құс тағамдары» тақырыбында теориялық оқыту бойынша ашық сабақ өткізді. Оқытушы осы сабақты дайындауға жауапкершілікпен қарады, сабақта дидактикалық материалдар қолданылды, слайдтар көрсетілді, студенттер белсенді қатысты.  Сабақ барысында мұғалім мен оқушылардың ынтымақтастығы байқалды, бұл сабақтың мақсаттары мен оқу нәтижелеріне қол жеткізуге ықпал етеді. Сабақта студенттер үшін өзіндік жұмыстың әртүрлі нұсқалары ұсынылды.

09.12.2021 ж. Аптаның  ең маңызды және жауапты іс–шарасы – «Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша WorldSkills форматында шағын чемпионаттың өтуі. Байқауға С31 П тобының 3 курс студенттері қатысты. Байқауды  өндірістік оқыту шебері Гульназ Мухамедхановна Сетербаева өткізді. Байқаудың мақсаты – таңдаған мамандыққа деген қызығушылықты және кәсіби шеберлік дағдыларын қалыптастыру, білім алушылардың кәсіби дайындығының білімі мен іскерлігін анықтау, оқушылардың өндірістік қызметін жандандыру. Қатысушылардың жұмысын білікті қазылар алқасы мұқият қадағалады:

  1. Жузбакиев Фарид Галимжанович - «Ай-сер» мейрамханасының бас-аспазы
  2. Зуев Александр Владимирович - өндірістік оқыту шебері

Байқаудың қазылар алқасы қатысушылардың дайындаған тағамның эстетикалық түрі мен дәмдік  сапасын бағалады. Білім алушыларға практикалық дағдыларын көрсету қажет болды.  Қатысушылар тағам дайындау дағдылары мен шеберліктерін көрсетті, сондай-ақ тағам тұсаукесерінде өздерінің шеберлігі мен шығармашылығын көрсетті.

Байқау қорытындысы:

1-орын Ахмет Аслан                                                                                                                                                

2-орын Оразғали Дильназ                                                                                                                                       

3- орын Мухаметқали Дастан

12.12.2021 ж. Зарина Оралбекқызы Рахимова «Ашытқы қамырынан жасалған бұйымдар» тақырыбында өндірістік оқытудың ашық сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты технологиялық процестің білімін бекіту және оларды практикалық қолдану болды. Сабақта ашытқы қамырын пісіру технологиясы және осы қамырдан өнімдерді жобалау және ұсыну әдістері қарастырылды. Сабақ қызу өтті, оқушылар сабаққа белсенді қатысты.

10.12.2021 ж. Арай Амангалиевна Несипбаева «Кондитерлік бұйымдарды безендіру» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Шеберлік сағатының әдістемелік мақсаты: оқытушының практикалық іс-әрекетінде жұмыс тәжірибесін зерделеу және көрсету, шеберлік сағатына қатысушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру үшін жағдай жасау.

Апталықтың жоғары шығармашылық деңгейде өткендігін атап өткім келеді. Өткізілген іс-шараларға дайындық кезінде барлық қатысушылар жоғары кәсіби қабілеттерін көрсетті.