ӨЗДЕРІНЕ СЕНЕТІНДЕР ҮШІН ЖӘНЕ СӘТТІЛІККЕ ҰМТЫЛАТЫНДАР ҮШІН!
Жетісу облысы., 040000, Талдықорған қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 173
8 (7282) 30-87-46
8 (7282) 30-87-30
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
ӨЗДЕРІНЕ СЕНЕТІНДЕР ҮШІН ЖӘНЕ СӘТТІЛІККЕ ҰМТЫЛАТЫНДАР ҮШІН!
СЕРВИС ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ КОЛЛЕДЖІ
ШЖҚ "Талдықорған сервис және технология колледжі" МКК
AA+

14.02.2022 - 18.02.2022 жыл аралығында "Талдықорған сервис және технология колледжінде" МКҚК  0723010007«Тігін өндірісі және киімді үлгілеу» мамандығы бойынша апталық өтті. Мақсаты: білім алушыларға мамандыққа, білімге деген қызығушылықтарын арттырып, ізденімдері мен танымдарын қалыптастырып, өз беттерінше шығармашылық, ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру қабілеттерін дамыту.

Апталықта «Менің мамандығым -модельер» тақырыбына қабырға газеттері шығарылып, киім үлгілері,  студенттердің шығармашылық жұмыстары көрмеге қойылды. Арнайы пән оқытушысы Кокенова Бахытгуль Джумабаевна «Тігін маталарының талшықты құрамын зерттеу және талдау» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді.  Сабақта студенттер матаның талшықтарына зерттеулер жасап, талшықтық құрамына талдаулар жасады. Сабақ барысында студенттермен топтық жұмыс ұйымдастырылып, теорияда алған білімдерін іс жүзінде қолдануға үйрету арқылы, зертханалалық зерттеулер жасап дағдыларын дамытты. Сабақ өте тартымды, танымды болды. Сабақ соңында студенттер өткен сабақ жайында өз ойларын білдірді.

17.02.2022 | Конкурс – сабақ: «Тік белдемшені есептеу және құрастыру. Үлгілер жасау және кесу. Бұйымды киіп көруге дайындау» тақырыбында II және III курстар арасында өткізілді. Мақсаты: жеке фигураға белдемше негізінің сызбасын салу және есептеуді орындау реттілігі туралы білімдерін бекіту. Жұмыс барысын бақылауды, бағалауды және қорытындылауды сарапшылар колледж түлектері Е. Баталова мен М.Турарова жүргізді.

18.02.2022 | 1211000 – «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша өндірістік оқыту сабағы өтті.

Біліктілігі: 1211062 - Тігінші; С11ПУ тобы;

Дайындаған ө/о шебері: Ундизова Разия Мухаметжановна  

Сабақтың тақырыбы: «Қымтаулы тігіс. Қымтаулы тігісті өңдеу».

Сабақтың мақсаты: Өндірістік оқыту сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру және ынталандыру үшін жағдай жасау.

Сабақтың міндеттері:

- Қымтаулы тігісті өңдеудің түрлері мен әдістерін білу.

- Қол және машина жұмыстарының терминологиясын білу.

- Практикалық жұмыстарды орындау кезінде тәсілдерді дұрыс қолдану;

Өндірістік оқыту сабағы үй тапсырмасын тексеруден басталды, онда оқушылар қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде қолмен және машинамен жасалатын жұмыстардың терминологиясын анықтауға қатысты терминдерді айқындады. Өндірістік оқыту сабағы өз бетінше жұмыс істеуге арналғандықтан, студенттер әр түрлі қымтаулы тігістермен және оларды өңдеумен танысты. «TUPIСAL» фирмасының әмбебап және арнайы машиналарында кесілген немесе кесілмеген қымтаулы тігістерді ұқыпты түрде өз бетінше орындады. Барлық студенттер тапсырманы жақсы орындап шықты. Өндірістік оқыту сабағында алған дағдылары мен біліктіліктері кәсіби дайындықтарын арттыруға және білімін одан ары жалғастыруға, сондай-ақ арнайы пәндерді игеруге және іс жүзінде қолдануға қажет болады.

Өндірістік оқыту сияқты пәнді игеру процесіне шығармашылық көзқараспен қарау  барлық студенттерге өз тәжірибелеріне жүгінуге және күнделікті өмірде туындаған сұрақтарға жауап іздеуге мүмкіндік береді. Бұл олардың танымдық қызығушылығының дамуына жағымды әсер етеді, нәтижесінде студенттер өз ойын еркін айтуды, ерекшелігін, тапқырлығын,

Бұл олардың танымдық қызығушылығының дамуына игі әсерін тигізеді және соның нәтижесінде студенттерде жаңа нәрселерді білуге, ықыласпен оқуға, өз ойын еркін айтуға болатын парасаттылықты, ерекшелікті, тапқырлықты талап ететін ынталары пайда болады.